Жаңбыр жауғанда сергу - 19 (дастан). Мэй Ван Фән. Өлеңді қазақ тіліне аударған Қайрат Дүйсенов

Мэй Ван Фән

Өлеңді қазақ тіліне аударған  Қайрат Дүйсенов


Қайрат Дүйсенов

 

 

Жаңбыр жауғанда сергу


19.

 

От ағашты күмбезге қарайладым

От ағашты күмбезге қарайладым (делоникс корольдігіндегі),

 

Су астына бетімді төсеп алып.Таңғы шық тітіркентті самай қарып,

Төбе шаш долдануда. Мен мәзбін күлім қағып.

 

Әдетте тез ұмытасың, көл жағалап жүргенде.

Судың буы көтеріліп, орар әрлеп іргеңді,

Көңлің сергіп, сөйлей шалқып күлгенде.

 

Кенеттен тез сезінесің суықты.

Қайда барсаң қалмайды көл соңыңнан.

 

Шошыр денең су құйғандай уытты,

Айналдыра тұңғиыққа толқын тартар қолыңнан.

 

Сен есікті ашасың да көліктері бөгелген

Жолға қарай бересің.

 

Көрші үйде күбіге таяу тоқ сымына ілінген

Жусан исін сезесің.

 

Сол бір сәтте көлдің беті жайыла, жарқырайды жаныңнан,

Қос жанарға айналып, мені қатты сағынған.


(Орыс тілінен аударылды)

 

 


Дүйсенов Қайрат Әбсатұлы жайында:

 

Ақын, композитор (сазгер), аудармашы, публицист, журналист. Әлем халықтары жазушылары одағының, «Бейбітшілік әлемі» ХҚШБ жанындағы Халықаралық жазушылар одағының, Қазақстан авторлары қоғамының (ҚазАҚ), Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Қайрат Әбсатұлы 1964 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қазығұрт ауданының Көкібел ауылында туған. 1971-1981 жылдары Кеңес Одағының батары (герой Совесткого Союза) генерал Сабыр Рақымов (бұрынғы Ф.Энгельс) орта мектебінде оқыған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың (Алматы) журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын «Ленин өсиеті» (қазіргі «Қазығұрт») аудандық газетінен бастаған қаламгер «Шымкент келбеті – Панарама Шымкента», республикалық «Ауыл», Қазақстан Жазушылар одағының «Әдебиет айдыны» газеттерінде, «Зерде», «Дарабоз», «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам» журналдарында, Қазақ радиосында, «Хабар» агенттігіне қарасты «KASpionet» халықаралық телеарнасында әдеби қызметкер, бөлім редакторы, редактор болып қызмет атқарды. Өлеңдері мен мақалалары «Жас қазақ», «Жас қазақ үні», «Жас Алаш» («Лениншіл жас»), «Айқын», «Қазақ әдебиеті», «Түрік әлемі» газеттері мен «Парасат», «Атажұрт», «Дарабоз», «Мәдениет» т.б. журналдарда жарық көрді. Қаламгер оннан астам әндердің авторы. «Ай да, Күн де», «Билейік» атты әндері халыққа кеңінен танымал. Өлеңдері мен публицистикалық шығармалары көптеген топтамаларға енген. «Туған жер ыстық бәрінен» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарыққа шыққан. Қайрат Әбсатұлы 2010-2014 жылдар аралығында «Бейбітшілік әлемі – Планета мира» ХҚШБ жанындағы Халықаралық жазушылар одағында төраға қызметін атқарды. 2011 жылдан «Халықаралық жазушылар одағы» баспасының директоры, www.temirqazyq.com веб-сайтының бас редакторы. Қ.Ә.Дүйсенов 2014 жылдың 18 Қыркүйек айынан бастап Қазақстанда тұңғыш рет өзі құрған Әлем халықтары жазушылары одағының президенті әрі осы Одақтың www.akgo.org веб-сайтының бас редакторы. Қаламгер 2016 жылдың Ақпан айында Гуманитарлық пәндер профессоры атанып, БҰҰ-ның «Қоғам алдындағы сіңірген еңбегі үшін» алтын медалімен марапатталды, Бейбітшілік Миссиясының Елшісі.





Суретші Елена Филатов, Қазақстан
 

  


Пробуждение во время дождя


19.
 

Смотрю на купол огненного дерева (делоникс королевский), подставляя под воду лицо, намокшие волосы топорщатся от утренней росы

Я смеюсь. А волны бушуют.

 

Обычно ты забываешь об этом, когда идешь рядом с озером.

Пар от воды поднимается, окутывая и украшая тебя, смеющуюся

и весело говорящую о чем-то.

 

Внезапно ты вдруг чувствуешь прохладу.

Куда бы ты ни пошла, озеро следует за тобой.

 

Как будто часть твоего тела кто-то поливает водой.

Волны увлекают тебя, затягивая на самое дно.

 

Ты открываешь дверь и смотришь на дорогу, запруженную машинами.

Рядом с кадкой и ароматной полынью болтается кусок электропровода, свешивающийся от соседнего дома.

 

Рядом с тобой расстилается широкая поверхность озера,

Превращаясь в пару глаз,глядящую на меня.

 




Қазақстанның әсем табиғаты

 

 




  

BÀI KHÁC
1 2 
image advertisement
image advertisement

image advertisement
image advertisement




























Thiết kế bởi VNPT | Quản trị