Жаңбыр жауғанда сергу - 23 (дастан). Мэй Ван Фән. Өлеңді қазақ тіліне аударған Қайрат Дүйсенов

Мэй Ван Фән

Өлеңді қазақ тіліне аударған Қайрат Дүйсенов


Қайрат Дүйсенов

 

 

 

Жаңбыр жауғанда сергу


23.


Кеудеме жасырындың

Кеудеме жасырындың.

Естисің, үнсіз қалсам, күліп, тіл қатуымды.

 

Айқасып, аяғымыз сүйкелді енді.

Қолыңмен қозғап мені икемделдің.

Жаз ортасы болатын.

Шексіз нұр Күн көзінен төгіледі.

 

Жарқырап, жалт-жұрт етіп көрінеді.

Қолымды ап бетің бастың, ұялтқан сезім еді.

 

Үйірмен жүзген балық көрсетіп бақты күміс қабыршағын,

Теңізді тарау-тарау етіп бөліп

Із кесіп қалдыруда тілгілеп су ішін абыр-сабыр.

 

Зорға-зорға көрінген сұлулық жойылды да

Кетті бірден толқынға жайылды да.

 

...Кеудеме ұйығуда.

Мекен етіп неге менің ішімді,

Ешбір кеңес айтпайсың ба, түсіндір?


(Орыс тілінен аударылды)

 

 

 

Дүйсенов Қайрат Әбсатұлы жайында:

 

Ақын, композитор (сазгер), аудармашы, публицист, журналист. Әлем халықтары жазушылары одағының, «Бейбітшілік әлемі» ХҚШБ жанындағы Халықаралық жазушылар одағының, Қазақстан авторлары қоғамының (ҚазАҚ), Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Қайрат Әбсатұлы 1964 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қазығұрт ауданының Көкібел ауылында туған. 1971-1981 жылдары Кеңес Одағының батары (герой Совесткого Союза) генерал Сабыр Рақымов (бұрынғы Ф.Энгельс) орта мектебінде оқыған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың (Алматы) журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын «Ленин өсиеті» (қазіргі «Қазығұрт») аудандық газетінен бастаған қаламгер «Шымкент келбеті – Панарама Шымкента», республикалық «Ауыл», Қазақстан Жазушылар одағының «Әдебиет айдыны» газеттерінде, «Зерде», «Дарабоз», «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам» журналдарында, Қазақ радиосында, «Хабар» агенттігіне қарасты «KASpionet» халықаралық телеарнасында әдеби қызметкер, бөлім редакторы, редактор болып қызмет атқарды. Өлеңдері мен мақалалары «Жас қазақ», «Жас қазақ үні», «Жас Алаш» («Лениншіл жас»), «Айқын», «Қазақ әдебиеті», «Түрік әлемі» газеттері мен «Парасат», «Атажұрт», «Дарабоз», «Мәдениет» т.б. журналдарда жарық көрді. Қаламгер оннан астам әндердің авторы. «Ай да, Күн де», «Билейік» атты әндері халыққа кеңінен танымал. Өлеңдері мен публицистикалық шығармалары көптеген топтамаларға енген. «Туған жер ыстық бәрінен» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарыққа шыққан. Қайрат Әбсатұлы 2010-2014 жылдар аралығында «Бейбітшілік әлемі – Планета мира» ХҚШБ жанындағы Халықаралық жазушылар одағында төраға қызметін атқарды. 2011 жылдан «Халықаралық жазушылар одағы» баспасының директоры, www.temirqazyq.com веб-сайтының бас редакторы. Қ.Ә.Дүйсенов 2014 жылдың 18 Қыркүйек айынан бастап Қазақстанда тұңғыш рет өзі құрған Әлем халықтары жазушылары одағының президенті әрі осы Одақтың www.akgo.org веб-сайтының бас редакторы. Қаламгер 2016 жылдың Ақпан айында Гуманитарлық пәндер профессоры атанып, БҰҰ-ның «Қоғам алдындағы сіңірген еңбегі үшін» алтын медалімен марапатталды, Бейбітшілік Миссиясының Елшісі.




20 қазан – Ақмоланы Қазақстан астанасы деп жариялаған күн

Қазақстанның астанасы

 

 


Пробуждение во время дождя


23.

Спрячься во мне.

Вслушайся, как я молчу, смеюсь, говорю.

Ноги сплелись с ногами.

Твои руки сподвигают меня двигаться

 

Посреди лета.

Солнечный свет от бесконечных волн

Отражается сверкающим и блестящим.

Ты подняла мои руки и закрыла ими лицо.

 

Стая рыб демонстрирует серебряную чешую,

Нарезая в воде ровные дорожки

И разделяя море на множество частей.

 

От красоты вокруг теснится у меня в груди.

Едва появившись,

Ты тут же растаяла в голубых волнах.

 

Почему же, обретаясь в моей груди,

Ты ничего мне не советуешь?




Қазақстанның астанасы - Нур-Султан

Қазақстанның астанасы

 

 

 

 

BÀI KHÁC
1 2 
image advertisement
image advertisement

image advertisement
image advertisement




























Thiết kế bởi VNPT | Quản trị