Жаңбыр жауғанда сергу - 24, 25 (дастан). Мэй Ван Фән. Өлеңді қазақ тіліне аударған Қайрат Дүйсенов

Мэй Ван Фән

Өлеңді қазақ тіліне аударған Қайрат Дүйсенов


Қайрат Дүйсенов

 

 

 

Жаңбыр жауғанда сергу


24.


Айттың

Алманы тістеп тұрып айттың:

«Мұнда теңіз бар.

 

Хош иісті теңіздің шегі

Теңіз бұтақта піседі.»

Өсімдік тамыры жердің уысында,

Теңіздің түбінде.

 

Өзеннің сағасы – ерніміздің қуысында.

Жағалауды кеміріп, құрлыққа шығып,

Махаббат патшалық ететін жерге сіңіп,

Тұрақтар бәрі сүйетін жерге,

Біз тұрған елге.

 

Теңіздің тәтті суы.

Қайнарларда

Жаңбырдың әдеттегі тұщы суы.

 

Сен айттың, теңіздің көлемі алмадай болса да, мысалы

Егер мен қиянат жасасам,

Онда мені жұтады.


25.

 

Ағаш діңі мен ең ұшы

Ұстайды аспан мен піскен жемісті.


(Орыс тілінен аударылды)

 

 

 

 


Дүйсенов Қайрат Әбсатұлы жайында:

 

 

Ақын, композитор (сазгер), аудармашы, публицист, журналист. Әлем халықтары жазушылары одағының, «Бейбітшілік әлемі» ХҚШБ жанындағы Халықаралық жазушылар одағының, Қазақстан авторлары қоғамының (ҚазАҚ), Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Қайрат Әбсатұлы 1964 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қазығұрт ауданының Көкібел ауылында туған. 1971-1981 жылдары Кеңес Одағының батары (герой Совесткого Союза) генерал Сабыр Рақымов (бұрынғы Ф.Энгельс) орта мектебінде оқыған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың (Алматы) журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын «Ленин өсиеті» (қазіргі «Қазығұрт») аудандық газетінен бастаған қаламгер «Шымкент келбеті – Панарама Шымкента», республикалық «Ауыл», Қазақстан Жазушылар одағының «Әдебиет айдыны» газеттерінде, «Зерде», «Дарабоз», «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам» журналдарында, Қазақ радиосында, «Хабар» агенттігіне қарасты «KASpionet» халықаралық телеарнасында әдеби қызметкер, бөлім редакторы, редактор болып қызмет атқарды. Өлеңдері мен мақалалары «Жас қазақ», «Жас қазақ үні», «Жас Алаш» («Лениншіл жас»), «Айқын», «Қазақ әдебиеті», «Түрік әлемі» газеттері мен «Парасат», «Атажұрт», «Дарабоз», «Мәдениет» т.б. журналдарда жарық көрді. Қаламгер оннан астам әндердің авторы. «Ай да, Күн де», «Билейік» атты әндері халыққа кеңінен танымал. Өлеңдері мен публицистикалық шығармалары көптеген топтамаларға енген. «Туған жер ыстық бәрінен» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарыққа шыққан. Қайрат Әбсатұлы 2010-2014 жылдар аралығында «Бейбітшілік әлемі – Планета мира» ХҚШБ жанындағы Халықаралық жазушылар одағында төраға қызметін атқарды. 2011 жылдан «Халықаралық жазушылар одағы» баспасының директоры, www.temirqazyq.com веб-сайтының бас редакторы. Қ.Ә.Дүйсенов 2014 жылдың 18 Қыркүйек айынан бастап Қазақстанда тұңғыш рет өзі құрған Әлем халықтары жазушылары одағының президенті әрі осы Одақтың www.akgo.org веб-сайтының бас редакторы. Қаламгер 2016 жылдың Ақпан айында Гуманитарлық пәндер профессоры атанып, БҰҰ-ның «Қоғам алдындағы сіңірген еңбегі үшін» алтын медалімен марапатталды, Бейбітшілік Миссиясының Елшісі.





Суретші Елена Филатов, Қазақстан


 


Пробуждение во время дождя


24.

Надкусив яблоко, ты сказала:

«В нём море.

Душистое морское течение

Созревает на ветках».

 

Корни растений – глубоко в земле,

В морской бездне.

Устье реки – клетка наших губ –

 

Разъедает берега, наступая на сушу,

Останавливается там, где царит любовь,

Где все любят.

Где стоим мы.

 

В море – сладкая вода.

В источниках –

Дождь по-прежнему пресен.

 

Ты сказала...? Броситься яблоком?

Если поступишь бесчестно,

Море меня поглотит.

 

 

25.

 

Ствол дерева

Держит небосвод и созревшие плоды.




Қазақстан астанасы атауы ресми түрде қашан өзгертіледі?

Қазақстанның астанасы


 

 

 

BÀI KHÁC
1 2 
image advertisement
image advertisement

image advertisement
image advertisement




























Thiết kế bởi VNPT | Quản trị