Жаңбыр жауғанда сергу - 20 (дастан). Мэй Ван Фән. Өлеңді қазақ тіліне аударған Қайрат Дүйсенов
Мэй Ван Фән
Өлеңді қазақ тіліне аударған Қайрат Дүйсенов
Қайрат Дүйсенов
Жаңбыр жауғанда сергу
20.
Гүлсауытта
қанша гүл бар, оны қалай білемін?
Гүлсауытта
қанша гүл бар, оны қалай білемін?
Білу
үшін лотосты иемін.
Есімде,
бір орындықта отырғам
Стақан
су қолымда,
Орындықтың
арқасына асылғам.
Лотостың
жұпар исі аңқыды
Сонау
шыңның басынан.
Жер
асығыс жылжыды,
Бұлт
көшіп қасынан,
Ормандағы
аңның аяқ ізінен
Естілмейді
жүрісінің бірі де.
Есімде,
оқ, сосын тікен болғаным,
Жебенің
де өткір ұшы болғаным,
Лотосты
тасқа шегелегенім.
Асқақ
таза жұпар гүлге
Бүркене
ме құз басы?
Жер
жетпесе солған мүлде
Шөп шала ма бізді осы?
Ақкөзденіп жармақсы тұр көлденең,
Кеңістікте ілуде еш көлеңке көрмеген.
Лотос жұпар иісі әкетпесін деп шалғайға,
Биікке салдым көзімді,
Міне бір... екі..., – қауыздар құлап анадайдан,
Жерге тиіп езілді.
Аянышты үн шыққаны сезілді.
(Орыс тілінен аударылды)
Дүйсенов Қайрат Әбсатұлы жайында:
Ақын, композитор (сазгер), аудармашы, публицист, журналист. Әлем халықтары жазушылары одағының, «Бейбітшілік әлемі» ХҚШБ жанындағы Халықаралық жазушылар одағының, Қазақстан авторлары қоғамының (ҚазАҚ), Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Қайрат Әбсатұлы 1964 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қазығұрт ауданының Көкібел ауылында туған. 1971-1981 жылдары Кеңес Одағының батары (герой Совесткого Союза) генерал Сабыр Рақымов (бұрынғы Ф.Энгельс) орта мектебінде оқыған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың (Алматы) журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын «Ленин өсиеті» (қазіргі «Қазығұрт») аудандық газетінен бастаған қаламгер «Шымкент келбеті – Панарама Шымкента», республикалық «Ауыл», Қазақстан Жазушылар одағының «Әдебиет айдыны» газеттерінде, «Зерде», «Дарабоз», «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам» журналдарында, Қазақ радиосында, «Хабар» агенттігіне қарасты «KASpionet» халықаралық телеарнасында әдеби қызметкер, бөлім редакторы, редактор болып қызмет атқарды. Өлеңдері мен мақалалары «Жас қазақ», «Жас қазақ үні», «Жас Алаш» («Лениншіл жас»), «Айқын», «Қазақ әдебиеті», «Түрік әлемі» газеттері мен «Парасат», «Атажұрт», «Дарабоз», «Мәдениет» т.б. журналдарда жарық көрді. Қаламгер оннан астам әндердің авторы. «Ай да, Күн де», «Билейік» атты әндері халыққа кеңінен танымал. Өлеңдері мен публицистикалық шығармалары көптеген топтамаларға енген. «Туған жер ыстық бәрінен» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарыққа шыққан. Қайрат Әбсатұлы 2010-2014 жылдар аралығында «Бейбітшілік әлемі – Планета мира» ХҚШБ жанындағы Халықаралық жазушылар одағында төраға қызметін атқарды. 2011 жылдан «Халықаралық жазушылар одағы» баспасының директоры, www.temirqazyq.com веб-сайтының бас редакторы. Қ.Ә.Дүйсенов 2014 жылдың 18 Қыркүйек айынан бастап Қазақстанда тұңғыш рет өзі құрған Әлем халықтары жазушылары одағының президенті әрі осы Одақтың www.akgo.org веб-сайтының бас редакторы. Қаламгер 2016 жылдың Ақпан айында Гуманитарлық пәндер профессоры атанып, БҰҰ-ның «Қоғам алдындағы сіңірген еңбегі үшін» алтын медалімен марапатталды, Бейбітшілік Миссиясының Елшісі.
Суретші Елена Филатов, Қазақстан
Пробуждение во время дождя
20.
Как мне узнать, сколько цветов в вазе?
Наклонил цветок лотоса.
Помнится, присел на стул
Со стаканом воды в руке,
Опираясь на край стола.
Аромат лотоса поднял меня
На вершину горы.
Торопливо уплывает земля,
Проносятся облака.
Ни одного шага, ни малейшего
Движения лесных зверей.
Помню, что я был пулей, шипом,
Отточенным остриём стрелы,
Пригвоздившей лотос к камню.
Почему же я всё ещё представляю себя
Остриём стрелы, пулей, шипом?
Возвышенный светлый аромат цветка
Обволакивает скалы,
Окутывает травы, которые зачахли
Из-за нехватки земли.
Бесстрашно суетится геккон
В пространстве, где нет и тени человека.
Поднимаю глаза выше, чтобы аромат
Лотоса не увёл меня ещё дальше.
И вот один... два... – лепестки падают
И, касаясь поверхности земли,
Как будто издают крик.
Суретші Елена Филатов, Қазақстан