Жаңбыр жауғанда сергу - 21 (дастан). Мэй Ван Фән. Өлеңді қазақ тіліне аударған Қайрат Дүйсенов

Мэй Ван Фән

Өлеңді қазақ тіліне аударған Қайрат Дүйсенов


Қайрат Дүйсенов

 

 

Жаңбыр жауғанда сергу


21.


Фото

Таптым да фотоны таңда қылаң
сипадым барқытын исі аңқыған
лотос гүлінің дәл алдынан.

 

Әрбір әппақ қауызын
Дерсің кеңістік әуізі.

 

Жұпарына ілесіп
Көз алдыңда күресіп,
Әрең өттім. Әйел әшекей, киім...

 

Шкафты ашып кітап қарадым
Түс қағаз бен сияны аламын.


Қайнағанша күтемін, шайым,
Құйып алам болғанда дайын.

 

Жұмысым әлі біптейді, тым көп!
Есіксіз жақтау жанында бүрлеп
Біраз гүл шешек атуда гүлдеп.

(Орыс тілінен аударылды)

 



Дүйсенов Қайрат Әбсатұлы жайында:


Ақын, композитор (сазгер), аудармашы, публицист, журналист. Әлем халықтары жазушылары одағының, «Бейбітшілік әлемі» ХҚШБ жанындағы Халықаралық жазушылар одағының, Қазақстан авторлары қоғамының (ҚазАҚ), Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Қайрат Әбсатұлы 1964 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қазығұрт ауданының Көкібел ауылында туған. 1971-1981 жылдары Кеңес Одағының батары (герой Совесткого Союза) генерал Сабыр Рақымов (бұрынғы Ф.Энгельс) орта мектебінде оқыған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың (Алматы) журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын «Ленин өсиеті» (қазіргі «Қазығұрт») аудандық газетінен бастаған қаламгер «Шымкент келбеті – Панарама Шымкента», республикалық «Ауыл», Қазақстан Жазушылар одағының «Әдебиет айдыны» газеттерінде, «Зерде», «Дарабоз», «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам» журналдарында, Қазақ радиосында, «Хабар» агенттігіне қарасты «KASpionet» халықаралық телеарнасында әдеби қызметкер, бөлім редакторы, редактор болып қызмет атқарды. Өлеңдері мен мақалалары «Жас қазақ», «Жас қазақ үні», «Жас Алаш» («Лениншіл жас»), «Айқын», «Қазақ әдебиеті», «Түрік әлемі» газеттері мен «Парасат», «Атажұрт», «Дарабоз», «Мәдениет» т.б. журналдарда жарық көрді. Қаламгер оннан астам әндердің авторы. «Ай да, Күн де», «Билейік» атты әндері халыққа кеңінен танымал. Өлеңдері мен публицистикалық шығармалары көптеген топтамаларға енген. «Туған жер ыстық бәрінен» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарыққа шыққан. Қайрат Әбсатұлы 2010-2014 жылдар аралығында «Бейбітшілік әлемі – Планета мира» ХҚШБ жанындағы Халықаралық жазушылар одағында төраға қызметін атқарды. 2011 жылдан «Халықаралық жазушылар одағы» баспасының директоры, www.temirqazyq.com веб-сайтының бас редакторы. Қ.Ә.Дүйсенов 2014 жылдың 18 Қыркүйек айынан бастап Қазақстанда тұңғыш рет өзі құрған Әлем халықтары жазушылары одағының президенті әрі осы Одақтың www.akgo.org веб-сайтының бас редакторы. Қаламгер 2016 жылдың Ақпан айында Гуманитарлық пәндер профессоры атанып, БҰҰ-ның «Қоғам алдындағы сіңірген еңбегі үшін» алтын медалімен марапатталды, Бейбітшілік Миссиясының Елшісі.





Суретші Елена Филатов, Қазақстан



Пробуждение во время дождя

 

21.


Фотография, на ощупь бархатистая, ароматная

От завтрашнего зноя

Стоящего рядом лотоса.

 

Каждый белоснежный лепесток

Плотно окутывает пространство.

 

Следуя за их ароматом,

Я пробираюсь сквозь твои глаза.

Женские украшения, одежда...

 

Открываю шкаф в поисках книги.

Выбираю цвет бумаги и чернил.

Жду, пока заварится чай.

Доливаю кипяток.

 

У меня ещё столько дел!

Распустились вдруг ещё несколько цветков.

Рядом с рамкой нет двери.





Суретші Елена Филатов, Қазақстан

 

 

 

 

 

BÀI KHÁC
1 2 

image advertisement
image advertisement
image advertisement




























Thiết kế bởi VNPT | Quản trị