Жаңбыр жауғанда сергу - 18 (дастан). Мэй Ван Фән. Өлеңді қазақ тіліне аударған Қайрат Дүйсенов

Мэй Ван Фән

Өлеңді қазақ тіліне аударған Қайрат Дүйсенов


Қайрат Дүйсенов

  

 

Жаңбыр жауғанда сергу


18.

 

Жаңбырдың бір тамшысы тиді бетке, мен оны жайлап қана сүрттім еппен.

 

Жаңбыр тырсылы жаңғыртты, толықтай көрсетіп, суасты әлемі өмірін (су астындағы тіршілік мәнісін), балықтар айнала керіліп, асшаян шоршиды ағзамда, толқынға булыға тебініп.

 

Сіркірей бермегін ақ жауын, тым ұсақ тамшы кеп тамбасын, өзенде кетсін боп дауыл, көлдет, құйының көл түбіне жетсін, тастарды жұмсартып үлкейтіп кетсін. Жалаң қолмен жармастым

ағаштың діңіне. Гүлшанақ, өркені малшыныпты-ау бүліне.

 

Жаңбыр тамшысы тиіп теріме, тіліме, иреңдеді салған жолы біліне. Киімім жабысты беліме қалған бүгіле.

 

Етстіліп найзағай күркірі, – осы сәтте өзімді сезіндім бір түрлі, терісінен шыққысы келген алып балықтаймын. Жоғары қалқимын. Төккен жаңбырмен мүлдем ағып кетуге шақ қалып, келемін сабыр қып, сақтанып.

 

(Орыс тілінен аударылды)

 

 


Дүйсенов Қайрат Әбсатұлы жайында:

 

Ақын, композитор (сазгер), аудармашы, публицист, журналист. Әлем халықтары жазушылары одағының, «Бейбітшілік әлемі» ХҚШБ жанындағы Халықаралық жазушылар одағының, Қазақстан авторлары қоғамының (ҚазАҚ), Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Қайрат Әбсатұлы 1964 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қазығұрт ауданының Көкібел ауылында туған. 1971-1981 жылдары Кеңес Одағының батары (герой Совесткого Союза) генерал Сабыр Рақымов (бұрынғы Ф.Энгельс) орта мектебінде оқыған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың (Алматы) журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын «Ленин өсиеті» (қазіргі «Қазығұрт») аудандық газетінен бастаған қаламгер «Шымкент келбеті – Панарама Шымкента», республикалық «Ауыл», Қазақстан Жазушылар одағының «Әдебиет айдыны» газеттерінде, «Зерде», «Дарабоз», «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам» журналдарында, Қазақ радиосында, «Хабар» агенттігіне қарасты «KASpionet» халықаралық телеарнасында әдеби қызметкер, бөлім редакторы, редактор болып қызмет атқарды. Өлеңдері мен мақалалары «Жас қазақ», «Жас қазақ үні», «Жас Алаш» («Лениншіл жас»), «Айқын», «Қазақ әдебиеті», «Түрік әлемі» газеттері мен «Парасат», «Атажұрт», «Дарабоз», «Мәдениет» т.б. журналдарда жарық көрді. Қаламгер оннан астам әндердің авторы. «Ай да, Күн де», «Билейік» атты әндері халыққа кеңінен танымал. Өлеңдері мен публицистикалық шығармалары көптеген топтамаларға енген. «Туған жер ыстық бәрінен» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарыққа шыққан. Қайрат Әбсатұлы 2010-2014 жылдар аралығында «Бейбітшілік әлемі – Планета мира» ХҚШБ жанындағы Халықаралық жазушылар одағында төраға қызметін атқарды. 2011 жылдан «Халықаралық жазушылар одағы» баспасының директоры, www.temirqazyq.com веб-сайтының бас редакторы. Қ.Ә.Дүйсенов 2014 жылдың 18 Қыркүйек айынан бастап Қазақстанда тұңғыш рет өзі құрған Әлем халықтары жазушылары одағының президенті әрі осы Одақтың www.akgo.org веб-сайтының бас редакторы. Қаламгер 2016 жылдың Ақпан айында Гуманитарлық пәндер профессоры атанып, БҰҰ-ның «Қоғам алдындағы сіңірген еңбегі үшін» алтын медалімен марапатталды, Бейбітшілік Миссиясының Елшісі.





Суретші Елена Филатов, Қазақстан
 

  


Пробуждение во время дождя

 

18.
 

Капля дождя коснулась моего лица, и я рукой легонько стёр её.

 

Звук дождя воспроизводит, наполняясь, образы подводного мира (сущностей, живущих под водой), кружат рыбы, креветка, трепыхается в моём организме, задыхающемся в волнах воды.

 

Не мороси дождь, пусть не падают мелкие капли, пусть ливень хлещет по руслам рек, по дну озёр, размягчая и увеличивая в объемах камни. Обнажёнными руками поддерживаю стволы деревьев. Мокрые бутоны и побеги.

 

Дождь попадает на кожу, на язык, пролагая кривые прогнутые дорожки. И обозначая талию.

 

Раскат грома, - и в этот миг я представил, как огромная рыба вырывается из тела. Всплывает наверх. Невозмутимо плывет в стоках дождя и уплывает совсем.

 

 

 

 

Ақын – аудармашы Қайрат Дүйсенов «Қазақстан» телеарнасына сұхбат береді







 

 

 

BÀI KHÁC
1 2 
image advertisement
image advertisement

image advertisement
image advertisement




























Thiết kế bởi VNPT | Quản trị